Ермаштың Бразилиядағы оқиғасы: 20 минут картинасыз тікелей эфир жүргізіп, Ұлттық арнаны "құтқарды"

Футболдан Қытай құрамасының экс-бапкері өмір бойына түрмеге қамалды

24.02.2024, 00:38

Ол осы қызметке орналасу үшін аса ірі көлемде пара бергенін мойындады

Футболдан Қытай құрамасының экс-бапкері өмір бойына түрмеге қамалды
Фото ашық дереккөзден

«Эвертон» мен «Шеффилд Юнайтед» клубтарының бұрынғы ойыншысы Ли Те Қытай сотының үкімімен өмірінің соңына дейін сотталды. Бұл туралы Daily Mail хабарлады.

Дереккөздің мәліметінше, 46 жастағы экс-футболшы 2022 жылдың күзінде ұсталып, қамауға алынған. Оған жемқорлық жасады деген айып тағылған болатын.

Тергеу барысында белгілі болғандай, Ли Те тұрақты түрде пара алып келген. Мұны өзі де мойындапты. Сондай-ақ, ол 2019-2021 жылдар аралығында футболдан Қытай құрамасының бас бапкері қызметін атқарған болатын. Осы қызметке орналасу үшін ол 390 мың еуро пара берген екен.

Сонымен қатар, Ли Қытай чемпионатының екінші дивизионында келісілген матчтар ұйымдастырғанын да жасырмай айтты.

Айта кетейік, Ли Те 2002-2006 жылдар аралығында «Эвертон» сапында АПЛ-де өнер көрсетті. Одан кейін «Шеффилд Юнайтед» командасына ауысып, ол жақта екі жыл ойнады. 2012 жылы қытайлық футболшы футболдағы мансабын біржола аяқтап, бапкерлікпен айналыса бастаған. Енді ол өмірінің соңына дейін түрмеде отырады.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам