Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

Норвегия – Англия матчы кейінге қалдырылуы мүмкін

Бүгін, 11:08

Еске салайық, ширек финалға шығу үшін Норвегия Бразилияны, Англия Мексиканы жеңіп кетті

Норвегия – Англия матчы кейінге қалдырылуы мүмкін
Rodrigo Oropeza / AFP via Getty Images

Әлем чемпионатының ширек финалында кездесетін Англия мен Норвегия құрамаларының ойыны кейінге шегерілуі мүмкін деп жазады Mirror басылымы.

Аталған матч Астана уақытымен 12 шілдеде сағат 2:00-де Майамидегі «Хард Рок» стадионында өтуі тиіс болған. Алайда, ауа райының қолайсыздығына байланысты матч басқа уақытқа ауыстырылуы ықтимал.

Басылымның жазуынша, бұл күні Майамиде 34 градус ыстық болады және күн күркіреп найзағай ойнайды. Ауаның ылғалды болуына байланысты температура +43 градус шамасында сезіледі.

Еске салайық, ширек финалға шығу үшін Норвегия Бразилияны, Англия Мексиканы жеңіп кетті. Финал болса 19 шілдеге жоспарланған.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам