Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

Дастан Сәтпаев «Челсиде» жаттығуды бастады

Бүгін, 13:06

«Челси» Сәтпаевтың алғашқы жаттығуынан сурет жариялады

Дастан Сәтпаев «Челсиде» жаттығуды бастады
chelseafc.com

Қазақстандық футболшы Дастан Сәтпаев лондондық «Челси» сапындағы алғашқы жаттығуына қатысты. Клубтың баспасөз қызметі жаңа маусым алдындағы жаттығудан фотосуреттер жариялап, олардың қатарында қазақстандық ойыншының да болғанын көрсетті.

Жаттығу жаңа бас бапкер Хаби Алонсо жетекшілігімен өтті. Испаниялық маман жазда команданы қабылдап алғаннан кейін футболшылармен алғаш рет толыққанды жаттығу өткізді.

«Жазғы үзілістен кейін «Челси» ойыншыларының көпшілігі алғаш рет Кобхэмдегі базаға жиналды. Сондай-ақ бұл олардың жаңа бас бапкер Хаби Алонсомен өткізген алғашқы жаттығуы болды. Медициналық тексеруден кейін футболшылар ауа райының ыстық болғанына қарамастан жаттығуды бастап кетті», – деп мәлімдеді клубтың баспасөз қызметі.

Әзірге Сәтпаевтың «Челсидің» шілде айының соңында Австралияда өтетін маусым алдындағы турнесіне қатысатыны нақтыланбаған. Лондондық клуб алғашқы жолдастық кездесуін 28 шілдеде австралиялық “Уэстерн Сидней" командасына қарсы өткізеді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам