ҚПЛ 20-тур: Ордабасы көшбасшы болды. Ақтөбе қазақ бапкерлерге неге сенбейді? Қайрат ЛЧ-ге дайын

Рамазан Оразов екі ай алаңға шықпайтын болды

10.07.2026, 13:16

Еревандағы матчта Оразов сіңірін үзіп алған

Рамазан Оразов екі ай алаңға шықпайтын болды
ФК «Елімай»

«Елімайдың» капитаны және жартылай қорғаушысы Рамазан Оразов УЕФА Конференциялар лигасының бірінші іріктеу кезеңінде Арменияның «Алашкерт» командасына қарсы өткен кездесуде жарақат алып, 17-минутта алаңнан кетуге мәжбүр болды. Оның орнына колумбиялық шабуылшы Дубан Паласио шыққан еді.

Белгілі болғандай, Еревандағы матчта Оразов сіңірін үзіп алған. Осы жарақатына байланысты тәжірибелі футболшы шамамен екі ай бойы жасыл алаңнан тыс қалады.

Осылайша Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы «Алашкертке» қарсы қарымта матчты өткізіп алады. Бұл жағдай «Елімайдың» бас бапкері Андрей Карпович үшін үлкен шығын болмақ.

Еске салсақ, командалар арасындағы алғашқы кездесу 1:1 есебімен тең аяқталған болатын. Қарымта ойын Қазақстанда өтеді.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам