Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

Роналду кеткен соң әлем чемпионатының билеттері күрт арзандады

Бүгін, 13:47

Баға 62 пайызға арзандаған

Роналду кеткен соң әлем чемпионатының билеттері күрт арзандады
Getty Images

2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының плей-офф кезеңінде бірнеше фаворит құраманың жарыстан шығып қалуынан кейін матч билеттерінің бағасы айтарлықтай төмендеді.

Журналист Джо Помплианоның мәліметінше, АҚШ, Мексика, Канада, Бразилия, Колумбия және Португалия құрамалары турнирден кеткеннен кейін билет бағалары төмендей бастаған.

Ең үлкен төмендеу Испания мен Бельгия арасындағы ширек финал матчының билеттерінде тіркелді. Бұрын 3261 доллар тұрған билет енді 1223 долларға сатылып жатыр, яғни баға 62 пайызға арзандаған.

Сондай-ақ басқа ширек финалдық кездесулердің билеттері де төмендеді:

  • Франция – Марокко – 1485 доллардан 1097 долларға (-26%);
  • Норвегия – Англия – 3866 доллардан 1805 долларға (-53%);
  • Аргентина – Швейцария – 2381 доллардан 1400 долларға (-41%).

Еске салсақ, Португалия құрамасы 1/8 финалда Испаниядан 0:1 есебімен жеңіліп, турнирмен қош айтысты. Криштиану Роналду бұл әлем чемпионатында үш гол соқты. Оның екеуі топтық кезеңде, біреуі плей-оффта тіркелді.

Сонымен қатар Роналду футбол тарихында алты бірдей әлем чемпионатында гол соққан алғашқы ойыншы атанды.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам