25 жастағы футболшының өліміне қатысты тергеу басталды
Оңтүстік Африка ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Джейден Адамс 25 жасында қайтыс болды.
Ол биылғы футболдан әлем чемпионатында өз елінің намысын қорғап, топтық кезеңдегі үш матчтың барлығына қатысты. Оңтүстік Африка құрамасы тарихында алғаш рет плей-офф кезеңіне шыққан еді. Алайда Канадаға қарсы өткен 1/16 финалдық кездесуде Адамс алаңға шыққан жоқ.
Оңтүстік Африка Республикасының спорт министрі Гейтон Маккензи футболшының қазасына байланысты көңіл айтып, оның ел футболының ең жарқын жас таланттарының бірі болғанын атап өтті.
Әзірге Джейден Адамстың нақты неден қайтыс болғаны ресми түрде жарияланған жоқ.
Жергілікті полицияның мәліметінше, сенбі күні таңертең Кейптаун қаласы маңындағы тұрғын үйлердің бірінен 25 жастағы ер адамның мәйіті табылған. Қазір оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін тергеу басталды.
Айта кетейік, Джейден Адамс 2024 жылғы Африка Ұлттар кубогында қола жүлдеге ие болған Оңтүстік Африка құрамасының мүшесі болған.