Transfermarkt сайтында Салахтың трансферлік құны 22 млн еуро деп көрсетілген
«Ливерпуль» пен Египет құрамасының вингері, әйгілі Мохамед Салах карьерасын Түркияда жалғастыруы мүмкін. Бұл туралы журналист Кая Темель жазды.
Оның мәліметінше, Стамбұл клубы құрамын күшейтуді жоспарлап отыр. Клуб басшылары Әлем чемпионатынан кейін Салахқа көз тіккен.
«Бешикташ» бұған дейін де ливерпульдік ойыншыға келісімшарт ұсынған екен. Алайда, қаржы жағынан ортақ бітімге келе алмай, келіссөздер үзіліп қалған. Қазір қос тарап қайта сөйлесіп жатыр.
Алдын ала мәлімет бойынша, Салахтың агенті қазір Стамбұлға келген. Мұнда ол «Бешикташ» басшысымен кездеседі деп жоспарлануда. Тараптар трансфер құнын, клубқа қойылатын талаптарды талқылайды.
Мохамед Салах «Ливерпульде» тоғыз жыл қатарынан ойнады. Былтыр соңғы маусымда ол клубтан кететінін ресми мәлімдеп, Англия чемпионаты аяқталғаннан келісімшартын үзді.
Салах «Ливерпуль» сапында Чемпиондар лигасын, АПЛ-ді, Англия кубогі мен УЕФА Суперкубогін жеңіп алған. Соңғы маусымда 41 матч өткізіп, 12 гол соқты және нәтижелі 10 пас берді.
Transfermarkt сайтында Салахтың трансферлік құны 22 млн еуро деп көрсетілген.