2026 жылдың ақпан айынан бері ол Румынияның «Петролул» клубында ойнап жүр
Қазақстанның ең танымал шабуылшыларының бірі Абат Айымбетов «Ақтөбе» сапына қайта оралады деп мәлімдеді спорт журналисі Эльдар Аманбаев.
«Абат Ақтөбеге оралады. Ұлттық құраманың бұрынғы шабуылшысы ақ-қызылдар қатарына жақын күндері қосылады», - деп жазды ол өзінің Telegram-парақшасында.
Еске салайық, 30 жастағы Айымбетов кәсіби мансабын дәл осы «Ақтөбе» клубының сапында бастаған. Ұлттық құрама бапкерлерінің көзіне де осында жүргенде түскен. 2026 жылдың ақпан айынан бері ол Румынияның «Петролул» клубында ойнап жүр. Бүгінге дейін небәрі 8 матч өткізіп, бір гол соғып үлгерді.
Ал, биыл ҚПЛ чемпиондығына таласады деп күтілген «Ақтөбенің» жағдайы қазір мүшкіл. 17 турдан кейін клуб небәрі 25 ұпай жинап, турнирлік кестенің жетінші сатысында тұр.