Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

«Неткен масқара!»: Бразилия президенті ұлттық құрама футболшыларын сынады

Бүгін, 11:20

Бразилия құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатының 1/8 финалында жеңілді

«Неткен масқара!»: Бразилия президенті ұлттық құрама футболшыларын сынады
Getty Images

Бразилия президенті Луис Инасиу Лула да Силва әлем чемпионатындағы сәтсіздіктен кейін ұлттық құрама ойыншыларының әрекетіне наразылық білдірді.

Жергілікті БАҚ мәліметінше, Бразилия футбол конфедерациясының (CBF) чартерлік ұшағымен елге 26 футболшының тек біреуі – қорғаушы Данило ғана оралған. Ал қалған ойыншылар жарыс аяқталған соң бірден демалысқа кеткен немесе жаңа маусымға дайындалу үшін клубтарына қосылған. Елге тек бапкерлер штабы мен федерация қызметкерлері қайтқан.

Бұл жағдай мемлекет басшысының ашуын туғызды.

«Мен Карло Анчелоттиге хабарлама жібердім. Ұлттық құраманың ұшағында ешкім болмады десе де болады. Тек бір ойыншы ғана елге қайтты, қалғанының бәрі сол жақта қалды. Неткен масқара. Егер олар әлем чемпионы атанса, бүгін бәрі осында тойлап жүрер еді», – деді Лула да Силва.

Еске салайық, Бразилия құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатының 1/8 финалында Норвегиядан 1:2 есебімен жеңіліп, турнирмен қоштасты. Матчта Эрлинг Холанд дубль авторы атанды.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам