Әлемдегі сексуальный футболшы қыздар. Жаңа шығарылым!

Қазақстан Суперкубогінің жеңімпазы пенальтиден анықталды (ВИДЕО)

25.02.2024, 19:20

«Ордабасы» мен «Тобыл» Түркияның Анталья қаласында кездесу өткізді

Қазақстан Суперкубогінің жеңімпазы пенальтиден анықталды (ВИДЕО)
ПФЛК

Қазақстан Суперкубогінің жаңа жеңімпазы анықталды. Айтулы жүлдені сарапқа салған «Ордабасы» мен «Тобыл» Түркияда өзара ойнап, қостанайлық команда матч соңындағы пенальтиден кейін жеңімпаз атанды.

Айта кетейік, «Ордабасы» Қазақстан Премьер-лигасын, «Тобыл» Қазақстан кубогін жеңіп алғаннан соң, өзара ел Суперкубогі үшін таласты. Матч Анталья қаласында өтіп, негізгі есеп 1:1 болып аяқталды. Командалар жеңімпазды анықтау үшін пенальти тебісіп, бұл сында қостанайлық клубтың жолы болды.

Ойынның 45-минутында «Ордабасы» сапынан Евгений Макаренко гол соқса, 63-минутта Иван Миладинович есепті теңестірді. Ал, пенальтиде шымкенттік команда сапынан Реджиналдо мен Тұңғышбаев қақпашыдан айласын асыра алмады.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам