Жаңа шығарылым! Өз қақпасына гол соғып, оңбай қателескен футболшылар

Лука Модрич Ла Лигадағы ең үздік голдардың бірін соқты (ВИДЕО)

26.02.2024, 11:58

Ол соққан жалғыз гол «Реалға» жеңіс алып келді

Лука Модрич Ла Лигадағы ең үздік голдардың бірін соқты (ВИДЕО)
Getty Images

Испания Примерасының 26 тур ойындары аясында өз алаңында «Севильяны» қабылдаған «Реал Мадрид» 1:0 есебімен жеңіске жетті.

Ойындағы жалғыз голды 75-минутта Начо Ферандесті алмастырған жартылай қорғаушы Лука Модрич салды. Ол алаңға шыққан соң араға бес минут салып, қорғаушылар баспен ұрып кері қайтарған допты алыстан теуіп қақпаға кіргізді.

39 жастағы Хорватия футболшысы осылайша өзінің аса қажет сәтте шешуі ойыншы екенін дәлелдей алды.

Айта кетейік, ойынның алғашқы таймының 10-минутында Лукас Васкес гол соққан еді. Алайда, төрешілер ереже бұзылуына байланысты нәтижені есепке алмады. 

Осылайша корольдік клуб испан чемпионатының турнир кестесінде 65 ұпаймен көш бастап тұр. Екінші орынға 57 ұпаймен каталондық «Барселона» жайғасқан.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам