Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

Мохамед Салах пен «Бешикташ» ортақ келісімге келе алмады

Бүгін, 13:03

Еске салайық, бұған дейін 33 жастағы Мохамед Салах «Ливерпульдегі» мансабын аяқтағанын мәлімдеген болатын

Мохамед Салах пен «Бешикташ» ортақ келісімге келе алмады
Getty Images

Египеттің даңқты футболшысы Мохамед Салах стамбұлдық «Бешикташ» сапына жақын уақытта ауыспайды. Бұл туралы клубтың директоры Ондер Озен мәлімдеді.

BeIN SPORTS Türkiye телеарнасына сұхбат берген ол екі тарап арасындағы келіссөздердің тоқтап қалғанын айтқан.

«Мұхаммед Салах — әлемдік деңгейдегі жұлдыз. Оның халықаралық беделі өте жоғары. Келіссөздердің бастапқы кезеңінде мен және Винченцо Итальяно Мұхаммед Салахпен үш рет сөйлестік. Алайда алғашқы күндердегі оң динамика 21 шілдеден бастап баяулай бастады», — деді Өзен.

Осыдан кейін клуб басшылығы Салахпен келіссөз жүргізуді уақытша тоқтатқан.

«Біздің президент келіссөздерді қай тұста тоқтату керектігін дұрыс бағамдап, сол ұстанымынан айныған жоқ. Популистік шешімнің орнына ол шынайы әрі салмақты шешім қабылдап, қазіргі уақытта келіссөздерден шеттеді. Мұхаммед Салахқа қатысты мәселе әзірге кейінге қалдырылды», — деді Өзен.

Еске салайық, бұған дейін 33 жастағы Мохамед Салах «Ливерпульдегі» мансабын аяқтағанын мәлімдеген болатын. Ол еркін агент ретінде өзге клубтармен келіссөздер жүргізуге ашық екенін айтты. Алғашқылардың бірі болып оған «Бешикташ» басшылары ұсыныспен шыққан.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам