Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

«Манчестер Сити» «Интерден» жеңілді: Хусанов пенальтиден гол соға алмады

02.08.2026, 13:39

«Манчестер Сити» ойыншылары қатарынан үш пенальтиде мүлт кетті

«Манчестер Сити» «Интерден» жеңілді: Хусанов пенальтиден гол соға алмады
x.com/ManCity

Миландық «Интер» маусым алдындағы жолдастық кездесулер сериясында «Манчестер Сити» клубын жеңді. Гонконгта өткен матчтың негізгі уақыты 1:1 есебімен аяқталса, пенальти сериясында италиялық клуб 3:1 есебімен басым түсті.

Кездесудегі есеп 14-минутта ашылды. «Манчестер Ситидің» шабуылшысы Дивин Мубама Антуан Семеньоның пасынан кейін мергендік танытып, өз командасын алға шығарды. Алайда араға алты минут салып «Интер» таразы басын теңестірді. Гол авторы – қорғаушы Бенжамен Павар, оған нәтижелі пасты Федерико Димарко берді.

Екінші таймда қос команданың ойыншылары бірнеше қауіпті шабуыл ұйымдастырғанымен, негізгі уақытта жеңіс голын соға алмады. Матч тағдыры пенальти сериясында шешілді. Онда «Интер» ойыншылары үш соққыны дәл орындаса, «Манчестер Сити» сапынан тек Клаудио Эчеверри ғана өз мүмкіндігін пайдаланды. Нәтижесінде Кристиан Киву жаттықтыратын команда пенальти сериясында 3:1 есебімен жеңіске жетті.

Айта кететін жайт, «Манчестер Сити» ойыншылары қатарынан үш пенальтиде мүлт кетті. 11 метрден гол соға алмағандар: Аит Нури, Абдукодир Хусанов және Нико. 

Бұл кездесу «Манчестер Ситидің» жаңа бас бапкері Энцо Мареска үшін команда тізгініндегі алғашқы матч болды. Жеңіліске қарамастан, маман бұл ойынды жаңа маусым алдындағы дайындықтың маңызды кезеңі ретінде бағалап, әлем чемпионатына қатысқан бірқатар футболшының жоқтығына байланысты құрамның толық болмағанын атап өтті.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам