Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

Бразилияда 15 жастағы футболшы оққа ұшты

Бүгін, 13:13

Белгісіз адамдар оқ жаудырған кезде жас ойыншы ауыр жарақат алған

Бразилияда 15 жастағы футболшы оққа ұшты
© AP Photo / Silvia Izquierdo

Бразилияның Масейо қаласында өткен жолдастық матч кезінде 15 жастағы футболшы оққа ұшып, көз жұмды. Бұл туралы Globo Esporte хабарлады.

Қаза болған жасөспірім «Сентро Спортиво Алагоано» (CSA) клубының жастар командасында өнер көрсеткен. Шабуыл кезінде ол ауыр жарақат алып, ауруханаға жеткізілгенімен, дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады. Оқиға салдарынан тағы бірнеше адам жараланған.

Полицияның негізгі болжамы бойынша, қылмысқа есірткінің заңсыз айналымымен айналысатын қылмыстық топтар қатысы болуы мүмкін. Тергеудің алдын ала мәліметіне сәйкес, жас футболшы кездейсоқ оққа ұшқан.

Белгілі болғандай, CSA клубына ауысқанға дейін ол «Сан-Паулу» клубының жастар құрамында ойнаған. Қайғылы жағдайдан кейін екі клуб та футболшының қазасын растап, оның отбасы мен жақындарына көңіл айтты.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам