Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

Жозе Моуринью Винисиусты «Реалда» алып қалудың барлық амалын қарастырып жатыр

03.08.2026, 17:15

Винисиустың «Арсеналмен» келіссөздер жүргізіп жатқаны соңғы бірер аптадан бері айтылуда

Жозе Моуринью Винисиусты «Реалда» алып қалудың барлық амалын қарастырып жатыр
uan Manuel Serrano Arce / Getty Images

Мадридтік «Реалдың» бас бапкері Жозе Моуринью клуб басшыларымен сөйлесіп, шабуылдағы үш ойыншыны командада қалдыру мәселесін талқылады деп жазады The Telegraph.

Атап айтқанда, бразилиялық вингер Винисиус Жуниор, франциялық шабуылшы Килиан Мбаппе және ағылшын хавбегі Джуд Беллингемді «Реалдан» ешқайда жібермеу туралы келіссөз жүрген.

Мбаппе мен Беллингемнің корольдік клуб сапында қалатыны онсыз да белгілі. Ал, Винисиустың «Арсеналмен» келіссөздер жүргізіп жатқаны соңғы бірер аптадан бері айтылуда. Оның үстіне, бразилиялық футболшы «Реалмен» келісімшартты созуға асығар емес. 

Винисиус Жуниор мен «Реал Мадрид» арасындағы контракт мерзімі 2027 жылдың маусымында аяқталады. Десе де, қазір «Арсенал» 26 жастағы бразилиялық үшін 130 млн еуро төлеуге дайын екенін мәлімдеді. Ал, футболшының агенттері болса тараптар арасында ешқандай келісімнің болмағанын айтып сендіруде.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам