Қазіргі президент Джанни Инфантиноның отставкасын өз әріптестері де талап етіп жатыр
ФИФА-ның бұрынғы президенті Йозеф Блаттер қазіргі басшы Джанни Инфантиноны отставкаға жіберіп, орнына Норвегия футбол қауымдастығының президенті Лисе Клавенессті тағайындау керек деп есептейді.
Айта кетейік, бұған дейін Инфантиноның Әлем чемпионатын реформалау туралы бастамасы қатаң сынға ұшырап, әлемдік футбол қауымдастықтары оның отставкасын талап еткен болатын. ФИФА президенті төрт жылда бір болатын мундиальды бұдан былай жеке компания өткізуі керек деген ұсыныс айтқан. Ал, аталған жеке компанияның АҚШ президенті Дональд Трампқа қатысы болуы мүмкін.
Халықаралық резонанс туғаннан кейін Джанни Инфантино өз райынан қайтты. Десе де, әріптестері оны қызметін босатуы тиіс деген пікірін өзгерткен жоқ.
«Клавенесс – жоғары құрметке лайықты тұлға. Ол өз позициясынан ешқашан танбай, дақпыртқа ілесіп кетпей, соңына дейін тұрған жалғыз адам. ФИФА-ны әйел басқаратын уақыт келді», - деп мәлімдеді Блаттер.

ФИФА-ның басы кешегі Әлем чемпионатында да дауға қалған еді. Қызыл қағаз алып алаңнан қуылған АҚШ шабуылшысы Фоларин Балогун Бельгияға қарсы ойында алаңға шықпауы керек еді. Алайда, Дональд Трамп Инфантиноға жеке өтініш айтқаннан кейін ФИФА оған жеңілдік жасап, дисквалификация күшін жойды. Бұл өз кезегінде әлемдік футбол мамандарының және футболшылардың наразылығын тудырды.