Канонирлер» оны сатып алу үшін 130 млн еуро төлеуге дайын екендіктерін бейресми түрде мәлімдеген
«Арсеналмен» ұзақ уақыт келіссөз жүргізіп, шешуші сәтте «Реалды» таңдаған бразилиялық вингер Винисиус Жуниорға лондондық клубтың басшылары ренжулі. Бұл туралы TEAMtalk сайты жазды.
Әлем чемпионаты аяқталғаннан кейін Винисиус «Арсенал» өкілдерімен келіссөзді бастап кеткен болатын. «Канонирлер» оны сатып алу үшін 130 млн еуро төлеуге дайын екендіктерін бейресми түрде мәлімдеді. Десе де, бразилиялық футолшы 6 тамызда «Реалмен» келісімшартын 2032 жылға дейін создыртқаны белгілі болды. Бұл туралы мадридтік клуб өкілдері ресми мәлімдеп отыр.
«Әрине, бұл шешім бізді таң қалдырды, бірақ мұндай нұсқаны да біз қарастырған болатынбыз. Винисиус біз үшін жалғыз кандидат болған жоқ, «Арсенал» өзге де футболшылармен, олардың агенттерімен келісімдер жүргізіп отырады», - деді лондондық клубтың атын атамаған өкілі.
«Арсенал» Винисиустың барлық талабын орындауға дайын болған екен және АПЛ-ге ауысуға біраз уақыттан бері үгіттеген. Енді сол қапталды күшейту үшін өзге футолшыларға ұсыныс айтпақшы. Олардың қатарында «ПСЖ-дан» Брэдли Барколя мен Ибраим Мбайе бар, «Атлетик Бильбао» вингері Нико Уильямсты да қарастырады.
Винисиус Жуниор «Реал» сапында 2018 жылдан бері ойнап келеді. Корольдік клуб оны «Фламенгодан» 45 млн еуроға сатып алған.