Винисиус «Реалда» 2032 жылға дейін ойнайды
Мадридтің «Реал» клубы Бразилия құрамасының шабуылшысы Винисиус Жуниормен келісімшартын ұзартты.
26 жастағы футболшының жаңа келісімі 2032 жылдың 30 маусымына дейін күшінде болады.
Винисиус «Реал» сапында 2018 жылдан бері өнер көрсетіп келеді. Осы уақыт аралығында ол мадридтік клубтың жейдесімен 375 матч өткізіп, 128 гол соқты және 100 нәтижелі пас берді.
Бразилиялық шабуылшы «Реалмен» бірге Испания чемпионатында үш рет жеңімпаз атанды. Сонымен қатар клубтық әлем чемпионатында екі мәрте топ жарып, Испания кубогын және УЕФА Чемпиондар лигасын екі рет жеңіп алды.