ҚПЛ 20-тур: Ордабасы көшбасшы болды. Ақтөбе қазақ бапкерлерге неге сенбейді? Қайрат ЛЧ-ге дайын

Эрлинг Холандтың төрт рекорды Гиннестің рекордтар кітабына енді

Бүгін, 11:24

26 жастағы шабуылшыға сертификаттар табысталды

Эрлинг Холандтың төрт рекорды Гиннестің рекордтар кітабына енді
instagram.com/guinnessworldrecords

Норвегия құрамасы мен ағылшындық «Манчестер Сити» клубының жұлдызы Эрлинг Холанд Гиннестің рекордтар кітабының төрт сертификатына ие болды.

Жаңа маусым қарсаңында 26 жастағы шабуылшыға сертификаттар «Манчестер Ситидің» «Этихад» стадионында табысталды.

Холандтың ең жаңа рекорды 2025 жылғы 2 желтоқсанда тіркелді. Ол «Фулхэмге» қарсы ойында гол соғып, Премьер-лигада 100 голға ең жылдам жеткен футболшы атанды. Норвегиялық шабуылшы бұл межеге небәрі 111 матчта жеткен.

Холанд Англиядағы алғашқы маусымында да рекорд орнатқан. Ол 38 ойындық Премьер-лига маусымында 36 гол соғып, бір маусымдағы ең жоғары нәтижені тіркеді. Осы көрсеткішпен Мохамед Салахтың 32 голдық нәтижесінен, сондай-ақ Энди Коул мен Алан Ширердің 34 голдық рекордтарынан асып түсті.

Үшінші жетістігі Холандтың Норвегия құрамасындағы ойынына қатысты. 2020-2024 жылдар аралығында ол УЕФА Ұлттар лигасында 19 гол соғып, турнир тарихындағы ең үздік сұрмерген атанды. Бұл көрсеткіш бойынша ол Криштиану Роналдудан төрт голға озып тұр.

Ал төртінші рекорд Холандтың Чемпиондар лигасындағы өнеріне байланысты. 2023 жылғы 14 наурызда ол «РБ Лейпцигке» қарсы матчта бес гол соғып, турнирдің бір ойынында ең көп гол соққан футболшылар қатарына енді. Бұған дейін бұл нәтижеге Лионель Месси мен Луис Адриано да жеткен.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам