ҚПЛ 20-тур: Ордабасы көшбасшы болды. Ақтөбе қазақ бапкерлерге неге сенбейді? Қайрат ЛЧ-ге дайын

Елена Рыбакина Диана Шнайдерді жеңіп, ширек финалға шықты

Бүгін, 08:20

Ширек финалда польшалық Ига Швентекпен кездеседі

Елена Рыбакина Диана Шнайдерді жеңіп, ширек финалға шықты
Getty images

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Цинциннатиде өтіп жатқан WTA 1000 турниріндегі жеңісті жолын жалғастырып, ширек финалға жолдама алды.

Әлемдік рейтингте екінші орында тұрған Рыбакина 1/8 финалда ресейлік Диана Шнайдермен (WTA №14) кездесіп, қарсыласын екі сетте 6:4, 6:4 есебімен жеңді. Матч 1 сағат 27 минутқа созылды.

Қазақстандық теннисші турнирді екінші айналымнан бастаған. Бұған дейін ол америкалық Тэйлор Таунсендті (№94) және польшалық Магдалена Фрехті (№41) жарыстан шығарды.

Енді Рыбакинаны турнирдегі маңызды сынақтардың бірі күтіп тұр. Ширек финалда ол әлемнің жетінші ракеткасы, польшалық Ига Швентекпен кездеседі.

Рыбакина мен Швентек арасындағы ширек финалдық матч 21 тамызда Астана уақытымен сағат 20:00-де басталады.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам