«Өте баяу әрекет еттік»: Сәтпаев дебют жасаған матчтан кейін бапкер ескерту жасады

Telegram WhatsApp

Бапкер қосалқы құрамнан шыққан футболшылар командаға серпін беруі керек екенін ескертті

ФК "Бернли"
ФК "Бернли"

Қазақстандық шабуылшы Дастан Сәтпаев Англияның Чемпионшипінде «Бернли» сапындағы алғашқы ресми матчын өткізді. Ол «Вест Бромвичке» қарсы кездесуде 57-минутта алаңға шықты. Матч «Бернлидің» 1:3 есебімен жеңілісімен аяқталды.

Ойыннан кейін команданың бас бапкері Ники Хайен шәкірттерінің өнерін қатаң сынға алды. Оның айтуынша, «Бернли» қарсыласынан қарқын, жекпе-жек және допқа талас жағынан айқын ұтылған.

«Біздің жеңілісіміз толықтай заңды. Қарсылас бізден әлдеқайда жігерлі ойнады, жекпе-жектер мен екінші доптарда басым болды. Біз өте баяу әрекет еттік. Өткен аптадағы деңгейімізден алыс қалдық. Ең жақсы ойынымызды көрсетсек, топ-команда бола аламыз. Ал бүгінгідей матч өткізсек, ортаңқол командаға айналамыз»

деді Хайен

Бапкер әсіресе екінші таймда команданың тактикалық құрылымы бұзылғанын және ойыншылардың сенімділігі төмендегенін атап өтті. Сондай-ақ қосалқы құрамнан шыққан футболшылар командаға серпін беруі керек екенін ескертті.

Хайен алдағы матчтарда құрамда өзгерістер болатынын да жасырмады.

«Барлығы өз деңгейін дәлелдеуі керек. Негізгі құрамда бастай ма, әлде қосалқыда отыра ма – айырмашылығы жоқ. Команда үшін сапалы ойнау міндет»

деді ол

«Бернли» келесі кездесуін Лига кубогының 1/32 финалында «Брэдфорд Ситиге» қарсы өткізеді.

Айта кетейік, Дастан Сәтпаев бұл матчта алғаш рет жаңа командасының өтініміне еніп, ойынды қосалқы құрамда бастады. Екінші таймда, 57-минутта ол Джош Лоренттің орнына ойынға қосылды.

Пікірлер

Жүктелуде…

Бүгін YouTube-та

«Арыс» Түркістан облысына керек емес. Футболға демеуші тарту проблема. Бірінші лигада ақша жоқ 22 748 Махмұд Сабырханға конкурент көбейді. Абылайхан боксты тастады ма? Нұрбек Оралбай кімге ренжіді? 58 758 Shorts Евгений Чебатков «Чай с Бубликом» жобасында қонақта болды 257 Shorts Нұрбек Оралбай “стабильный” боксшы, ол соңына дейін барын салып төбелеседі 310 Shorts Бокстан ел чемпионатында өңірлік бәсеке әділ бәсекелестіктен басым түсті 527 Shorts “Чемпион болу қиын, ал чемпиондық атақты қорғау одан да қиын!” 577 Shorts Қазақстан чемпионатынан Азия ойындарының үш жүлдегері босатылды, қалғандары ауырып қалды 287 Shorts 55 келі: Бексұлтан Қожамжар финалда сүрінді 173 Shorts Әділбек Қожахан ширек финалда үш дүркін чемпионды, жартылай финалда әлем чемпионын жеңді 299 Shorts Өзбекстан секілді 4 жылда бір ӘЧ-ге барғанша, жыл сайын Еуропа грандтарымен ойнаған дұрыс 835 Shorts Ұлттық құрамаға өз ісіне адал, ел футболына жаны ашитын азаматтарды жұмысқа тарту қажет 500 Shorts Қазақ футболы деген не? Аудиториясы бар, инфрақұрылымы жоқ дүние! 340
#
Команда
Ұпай
1
Пари Сен-Жермен
12
2
Реал Мадрид
12
3
Арсенал
10
4
Комо
9
5
Барселона
9
6
Манчестер Сити
9
7
Астон Вилла
9
8
Ливерпуль
9
9
Брюгге
9
10
Спортинг (Лиссабон)
9
11
Бетис
9
12
Боруссия (Дортмунд)
9
1/8 финалПлей-офф
Толық кесте · 36 команда ›