ҚПЛ 20-тур: Ордабасы көшбасшы болды. Ақтөбе қазақ бапкерлерге неге сенбейді? Қайрат ЛЧ-ге дайын

ҚПЛ-дің бұрынғы футболшысы ауыр дертке шалдықты: емге 70 миллион теңге қажет

Бүгін, 12:41

Футболшының жақындары шұғыл қаражат жинауды бастаған

ҚПЛ-дің бұрынғы футболшысы ауыр дертке шалдықты: емге 70 миллион теңге қажет
help-primzhanov-timur.kz

Қазақстандық футболшы Тимур Примжанов ауыр дертпен күресіп жатыр. Оған жедел миелобластық лейкоз диагнозы қойылып, сүйек кемігін ауыстырып салу қажет болған. Спортшының отбасы емге қажетті қаражатты жинау үшін көпшіліктен көмек сұрады.

Примжановқа қажетті емді Түркиядағы клиникалардың бірінде жүргізуге мүмкіндік бар. Алайда сүйек кемігін ауыстырып салу және емдеу шығындарын өтеу үшін 70 миллион теңге жинау қажет.

Осыған байланысты футболшының жақындары шұғыл қаражат жинауды бастаған.

Тимур Примжанов қазақстандық жанкүйерлерге ел чемпионатындағы өнерімен таныс. Ол әр жылдары «Атырау», «Ордабасы», «Оқжетпес», «Каспий», «Яссы Сайрам», «Ақ-Бұлақ» және «БИІК Шымкент» командаларының намысын қорғаған.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам