«Құдайдың қолы»: Футбол тарихындағы әйгілі доп миллиондарға сатылды

Telegram WhatsApp

Тарихи жәдігердің құнын 10 миллион долларға дейін бағалаған

x.com/alimo_philip
x.com/alimo_philip

1986 жылғы әлем чемпионатындағы Аргентина мен Англия арасындағы әйгілі матчта қолданылған доп аукционда 3,35 миллион долларға сатылды. Бастапқыда ұйымдастырушылар тарихи жәдігердің құнын 10 миллион долларға дейін бағалаған.

Adidas Azteca добын Heritage Auctions аукцион үйі саудаға шығарды. Лоттың бастапқы бағасы 2,5 миллион доллар болған.

Бұл доптың футбол тарихындағы орны ерекше. Диего Марадона 1986 жылғы әлем чемпионатының ширек финалында Англия қақпасына соққан екі әйгілі голын дәл осы доппен енгізген.

Бірінші гол кейін «Құдайдың қолы» деген атаумен тарихта қалды. Марадона Англия қақпашысы Питер Шилтонмен допқа талас кезінде оны қолымен қақпаға бағыттаған. Матчтан кейін аргентиналық футболшы голды «Марадонаның басы мен Құдайдың қолы» соққанын айтқан.

Сол кездесуде Марадона тағы бір тарихи голдың авторы атанды. Ол алаң ортасынан доппен алға ұмтылып, бірнеше ағылшын футболшысын алдап өтіп, Шилтонды да қапы қалдырды. Кейін FIFA бұл голды «Ғасыр голы» деп атады.

Матч аяқталғаннан кейін допты кездесудің тунистік төрешісі Али Бин Нассер өзіне алып қалған. Ол тарихи допты 30 жылдан астам уақыт сақтаған. Кейін оның түпнұсқа екені арнайы сараптамалар арқылы расталған.

Айта кетейік, бұл доп бұған дейін де аукционға қойылған. 2022 жылы ол 2,37 миллион долларға сатылса, 2023 жылы ұсынылған баға жеткіліксіз болғандықтан сауда жүзеге аспаған.

Марадонаға тиесілі осы матчтың тағы бір жәдігері де рекордтық сомаға өткен. 2022 жылы аргентиналықтың Англияға қарсы ойында киген жейдесі Sotheby's аукционында 9,28 миллион долларға сатылған.

Пікірлер

Жүктелуде…

Бүгін YouTube-та

«Арыс» Түркістан облысына керек емес. Футболға демеуші тарту проблема. Бірінші лигада ақша жоқ 22 045 Махмұд Сабырханға конкурент көбейді. Абылайхан боксты тастады ма? Нұрбек Оралбай кімге ренжіді? 58 729 Shorts Евгений Чебатков «Чай с Бубликом» жобасында қонақта болды 257 Shorts Нұрбек Оралбай “стабильный” боксшы, ол соңына дейін барын салып төбелеседі 310 Shorts Бокстан ел чемпионатында өңірлік бәсеке әділ бәсекелестіктен басым түсті 527 Shorts “Чемпион болу қиын, ал чемпиондық атақты қорғау одан да қиын!” 577 Shorts Қазақстан чемпионатынан Азия ойындарының үш жүлдегері босатылды, қалғандары ауырып қалды 287 Shorts 55 келі: Бексұлтан Қожамжар финалда сүрінді 173 Shorts Әділбек Қожахан ширек финалда үш дүркін чемпионды, жартылай финалда әлем чемпионын жеңді 299 Shorts Өзбекстан секілді 4 жылда бір ӘЧ-ге барғанша, жыл сайын Еуропа грандтарымен ойнаған дұрыс 835 Shorts Ұлттық құрамаға өз ісіне адал, ел футболына жаны ашитын азаматтарды жұмысқа тарту қажет 500 Shorts Қазақ футболы деген не? Аудиториясы бар, инфрақұрылымы жоқ дүние! 340
#
Команда
Ұпай
1
Пари Сен-Жермен
12
2
Реал Мадрид
12
3
Арсенал
10
4
Комо
9
5
Барселона
9
6
Манчестер Сити
9
7
Астон Вилла
9
8
Ливерпуль
9
9
Брюгге
9
10
Спортинг (Лиссабон)
9
11
Бетис
9
12
Боруссия (Дортмунд)
9
1/8 финалПлей-офф
Толық кесте · 36 команда ›