ҚПЛ 20-тур: Ордабасы көшбасшы болды. Ақтөбе қазақ бапкерлерге неге сенбейді? Қайрат ЛЧ-ге дайын

Ризабек Айтмұхан Садулаевтан есе қайтара ала ма? Байрамуков жауап берді

24.08.2026, 20:32

Садулаев Албанияда жартылай финалдық бәсекеде Айтмұханды 14:3 есебімен жеңген еді

Ризабек Айтмұхан Садулаевтан есе қайтара ала ма? Байрамуков жауап берді
UWW

Сидней Олимпиадасының күміс жүлдегері, еркін күрестен Қазақстан құрамасының бұрынғы балуаны Ислам Байрамуков Ризабек Айтмұхан мен Абдулрашид Садулаев арасындағы ықтимал белдесуге қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Sports24.kz жазды.

Қос балуан биыл ақпанда Албаниядағы халықаралық турнирде кездескен. Сол жолы екі дүркін Олимпиада чемпионы Садулаев жартылай финалда Айтмұханды 14:3 есебімен жеңген еді.

Енді олардың жолы 24 қазан мен 1 қараша аралығында Астанада өтетін әлем чемпионатында қайта түйісуі мүмкін.

Байрамуковтың айтуынша, алдыңғы нәтижені және тәжірибені ескерсек, фаворит ретінде Садулаевты атауға болады. Дегенмен ол әр белдесудің өз сценариі болатынын және Ризабектің психологиялық дайындығы шешуші рөл атқаратынын айтты.

«Садулаевтың тәжірибесі мен алдыңғы белдесудің нәтижесін ескерсек, ол фаворит болады. Бірақ бәрі өзгеруі мүмкін. Әр белдесу әртүрлі өтеді. Ризабектің психологиялық жағдайы өте маңызды. Мұндай тәжірибелі қарсыласқа қарсы белсенді күресіп, өз тактикаңды таңып, қарсыласты ауыр тыныстауға мәжбүрлеу керек», – деді Байрамуков.

Садулаев қазір маусымда алған жарақатынан кейін қалпына келіп жатыр. Ал Ризабек Айтмұхан биыл Қазақстан кубогын жеңіп, кейін RAF лигасында Хейден Зиллмерден басым түсті.

Сонымен бірге Айтмұханның Астанадағы әлем чемпионатына қатысуы әлі нақты емес. Себебі 19 қыркүйек пен 4 қазан аралығында Жапонияда Азия ойындары өтеді. Егер ол сол додаға қатысса, араға аз уақыт салып басталатын әлем чемпионатына толық қалпына келу мәселесі туындауы мүмкін.

Қазақстан күрес федерациясы әзірге алдағы ірі жарыстарға нақты құрамды бекіткен жоқ. Сондықтан Айтмұханның әлем чемпионатындағы тағдыры жаттықтырушылар кеңесінің шешіміне байланысты болмақ.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам