«Мұнда басқа деңгей»: Чесноков Қазақстан мен Ресей футболын салыстырды

Telegram WhatsApp

Ол Ресей чемпионатының деңгейіне бейімделу үшін уақыт қажет екенін айтты

ФК «Крылья Советов»
ФК «Крылья Советов»

Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Ислам Чесноков Ресей Премьер-лигасындағы алғашқы ресми матчын өткізіп, жаңа чемпионаттан алған әсерімен бөлісті. «Крылья Советов» футболшысы Volga.news-ке берген сұхбатында РПЛ-де ойын қарқыны мен алаңдағы күрес деңгейі Қазақстан чемпионатына қарағанда жоғары екенін атап өтті.

Чесноков самаралық клуб сапындағы дебютін РПЛ-дің бесінші турында «Акронға» қарсы кездесуде жасады. «Крылья Советов» бұл матчта қарсыласын 3:0 есебімен сенімді жеңді.

Қазақстандық футболшы жаңа командадағы алғашқы ойынын бұдан да жақсы өткізуге болатынын мойындағанымен, ең бастысы команданың үш ұпай алғанын айтты.

«Әрине, эмоция ерекше болды. Алғашқы матчым, оның үстіне дерби екен. Жақсырақ ойнауға болатын еді, бірақ ең бастысы – команда жеңіске жетті. Соған қуаныштымын»

деді Чесноков

Ол Ресей чемпионатының деңгейіне бейімделу үшін уақыт қажет екенін де жасырмады. Чесноковтың сөзінше, РПЛ-де футболшылар шешімді жылдамырақ қабылдап, алаңдағы жоғары қарқынға дайын болуы керек.

«Мұнда жылдамдық та, күрес деңгейі де басқа. Аздап уақыт керек, бейімделуім қажет»

деді ол

Чесноков бұған дейін Қазақстан мен Шотландия чемпионаттарында өнер көрсеткендіктен, үш біріншіліктің ерекшелігін де салыстырды.

«Қазақстанмен салыстырғанда мұнда күрес деңгейі мен шешім қабылдау жылдамдығы өзгеше. Ал Шотландияда, бәлкім, физикалық күрес бұдан да көп шығар. Бірақ мұнда футболдың өзі көбірек»

деді қазақстандық ойыншы

Ислам Чесноков «Крылья Советов» сапына жуырда ғана қосылған. Сондықтан әзірге алдағы қарсыластарды ойламай, әр матчқа жеке дайындалып жатқанын жеткізді.

«Мен мұнда келгеніме төрт-бес күн ғана болды. Сондықтан қазір әр ойынға кезекпен дайындалып жатырмыз»

деді футболшы

Пікірлер

Жүктелуде…

Материалда:

Бүгін YouTube-та

«Арыс» Түркістан облысына керек емес. Футболға демеуші тарту проблема. Бірінші лигада ақша жоқ 21 219 Махмұд Сабырханға конкурент көбейді. Абылайхан боксты тастады ма? Нұрбек Оралбай кімге ренжіді? 58 703 Shorts Евгений Чебатков «Чай с Бубликом» жобасында қонақта болды 254 Shorts Нұрбек Оралбай “стабильный” боксшы, ол соңына дейін барын салып төбелеседі 300 Shorts Бокстан ел чемпионатында өңірлік бәсеке әділ бәсекелестіктен басым түсті 527 Shorts “Чемпион болу қиын, ал чемпиондық атақты қорғау одан да қиын!” 577 Shorts Қазақстан чемпионатынан Азия ойындарының үш жүлдегері босатылды, қалғандары ауырып қалды 287 Shorts 55 келі: Бексұлтан Қожамжар финалда сүрінді 173 Shorts Әділбек Қожахан ширек финалда үш дүркін чемпионды, жартылай финалда әлем чемпионын жеңді 299 Shorts Өзбекстан секілді 4 жылда бір ӘЧ-ге барғанша, жыл сайын Еуропа грандтарымен ойнаған дұрыс 835 Shorts Ұлттық құрамаға өз ісіне адал, ел футболына жаны ашитын азаматтарды жұмысқа тарту қажет 500 Shorts Қазақ футболы деген не? Аудиториясы бар, инфрақұрылымы жоқ дүние! 339
#
Команда
Ұпай
1
Пари Сен-Жермен
12
2
Реал Мадрид
12
3
Арсенал
10
4
Комо
9
5
Барселона
9
6
Манчестер Сити
9
7
Астон Вилла
9
8
Ливерпуль
9
9
Брюгге
9
10
Спортинг (Лиссабон)
9
11
Бетис
9
12
Боруссия (Дортмунд)
9
1/8 финалПлей-офф
Толық кесте · 36 команда ›