ҚПЛ 20-тур: Ордабасы көшбасшы болды. Ақтөбе қазақ бапкерлерге неге сенбейді? Қайрат ЛЧ-ге дайын

Қазақстан құрамасының футболшысы Ресейге барудан бас тартты

Бүгін, 15:30

Әлібек Қасым Ресей Премьер-лигасының клубына ауысудан бас тартты

Қазақстан құрамасының футболшысы Ресейге барудан бас тартты
ҚФФ

«Астана» мен Қазақстан ұлттық құрамасының қорғаушысы Әлібек Қасым Ресей Премьер-лигасында өнер көрсететін махачкалалық «Динамоның» ұсынысын қабылдамады.

AmanVIBE мәліметінше, қазақстандық футболшының ықтимал трансферіне қатысты нақты келіссөздер жаздың басында жүргізілген. Алайда Қасым Дағыстанға көшуді қаламай, ұсыныстан бас тартқан.

Дереккөз елордалық клубтың қазіргі жағдайына байланысты «Астана» ойыншыларына басқа командалар тарапынан қызығушылық артқанын жазады. Клуб инвестор іздеуде қиындықтарға тап болғандықтан, бірқатар футболшыға мансабын өзге командаларда жалғастыру туралы ұсыныстар түсе бастаған.

Әлібек Қасым биылғы маусымда «Астананың» негізгі ойыншыларының бірі саналады. Сонымен қатар ол Қазақстан ұлттық құрамасына да тұрақты түрде шақырылып жүр.

Қазіргі уақытта «Астана» Қазақстан Премьер-лигасында 21 матчтан кейін 39 ұпай жинап, турнир кестесінде үшінші орында келеді.

Ал Қасымды қатарына қосуға ниет білдірген махачкалалық «Динамо» Ресей чемпионатының алғашқы бес турында тоғыз ұпай жинап, бесінші сатыға жайғасқан.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам