28 жастағы футболшының «Шахтер» сапына ауысуы ықтимал екені туралы ақпарат тараған
Қазақстан ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Бахтиер Зайнутдиновтың мәскеулік «Динамодан» Қарағандының «Шахтеріне» ауысуы мүмкін деген ақпарат шындыққа жанаспайды. Бұл туралы ресейлік «Мутко против» Telegram-арнасы хабарлады.
Бұған дейін қазақстандық БАҚ-та 28 жастағы футболшының «Шахтер» сапына ауысуы ықтимал екені туралы ақпарат тараған. Алайда ресейлік дереккөз бұл мәліметті жоққа шығарды.
«Қазақстандық БАҚ «Динамо» футболшысы Бахтиер Зайнутдинов мансабын Қарағандының «Шахтерінде» жалғастыруы мүмкін деп жазып жатыр. Бірақ бұл — жалған ақпарат. Біздің мәліметіміз бойынша, Бахтиер жарақатынан тезірек айығып, қайта қатарға қосылуға үміттеніп отыр. Кем дегенде қысқа дейін ешқайда кетуді жоспарлап отырған жоқ», – деп жазды «Мутко против» арнасы.
Айта кетейік, Зайнутдинов соңғы рет өткен маусымның Ресей Премьер-лигасындағы 12-турда «Ахматқа» қарсы кездесуде алаңға шыққан.
28 жастағы қорғаушы 2025 жылдың шілде айында мәскеулік «Динамоға» ауысып, клубпен 2029 жылдың жазына дейін келісімшартқа қол қойған. Өз мансабында Ресей мен Түркия кубоктарын жеңіп алып, Қазақстан чемпионы атанған. Ал Қазақстан ұлттық құрамасы сапында 44 матч өткізіп, 15 гол соғып, бір нәтижелі пас берген.