ҚПЛ 20-тур: Ордабасы көшбасшы болды. Ақтөбе қазақ бапкерлерге неге сенбейді? Қайрат ЛЧ-ге дайын

Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіне қатысатын 36 клуб анықталды

Бүгін, 10:48

28 тамызда әр команданың кімдермен кездесетіні белгілі болады

Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіне қатысатын 36 клуб анықталды
Global Look Press

УЕФА Чемпиондар лигасының 2026/27 жылғы маусымында жалпы кезеңде өнер көрсететін барлық 36 команда белгілі болды.

Іріктеу кезеңінің плей-офф сатысындағы соңғы қарымта кездесулер аяқталып, Еуропаның басты клубтық турнирінің жалпы кезеңіне жолдама алған командалардың толық құрамы жасақталды.

Жалпы кезеңнің жеребесі 28 тамызда өтеді. Рәсім Қазақстан уақытымен сағат 21:00-де басталады. Жеребе қорытындысы бойынша 36 клуб жалпы кезеңдегі қарсыластарын біледі.

Биылғы қатысушылар арасында Еуропаның «Реал», «Барселона», «Ливерпуль», «Манчестер Сити», «Бавария», «ПСЖ», «Интер» секілді алпауыттарымен қатар іріктеу арқылы тарихи нәтижеге қол жеткізген командалар да бар.

Солардың бірі – қазақстандық қақпашы Стас Покатилов өнер көрсететін әзербайжандық «Сабах». Баку клубы өз тарихында алғаш рет Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіне жолдама алды.

Жалпы кезеңге қатысатын 36 клуб:

Англия: «Арсенал», «Манчестер Сити», «Манчестер Юнайтед», «Астон Вилла», «Ливерпуль».

Испания: «Барселона», «Реал Мадрид», «Атлетико», «Вильярреал», «Реал Бетис».

Германия: «Бавария», «Боруссия Дортмунд», «РБ Лейпциг», «Штутгарт».

Италия: «Интер», «Наполи», «Рома», «Комо».

Франция: «Пари Сен-Жермен», «Ланс», «Лилль».

Португалия: «Порту», «Спортинг».

Нидерланд: ПСВ, «Фейеноорд».

Түркия: «Галатасарай», «Фенербахче».

Сонымен қатар Бельгияның «Брюгге», Украинаның «Шахтер», Чехияның «Славия», Норвегияның «Будё-Глимт» пен «Викинг», Әзербайжанның «Сабах», Аустрияның ЛАСК, Грекияның АЕК және Словакияның «Слован» клубтары жалпы кезеңге шықты.

Енді басты назар жеребеге ауады. 28 тамыздағы рәсімнен кейін әр команданың Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінде кімдермен кездесетіні белгілі болады.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам