Дастан Сәтпаев «Бернлидің» үздік үш ойыншысының қатарына енді

Telegram WhatsApp

Сәтпаев алғаш рет негізгі құрамда шығып, 80 минут ойнады

ФК «Бернли»
ФК «Бернли»

Қазақстандық шабуылшы Дастан Сәтпаев «Бернли» сапында алғаш рет негізгі құрамда алаңға шығып, командадағы үздік ойыншылардың бірі атанды. 18 жастағы футболшы Англия лигасы кубогының 1/32 финалында «Брэдфорд Ситиге» қарсы кездесуде 80 минут ойнады.

Матч Брэдфордтағы «Вэлли Пэрейд» стадионында өтіп, негізгі уақытта командалар есеп аша алмады — 0:0. Регламентке сәйкес жеңімпаз бірден пенальти сериясында анықталды. Онда «Брэдфорд Сити» 4:2 есебімен басым түсіп, «Бернлиді» жарыстан шығарды.

Сәтпаев үшін бұл кездесу ерекше болды. Ол «Бернли» сапында алғаш рет ресми матчты негізгі құрамда бастады және алаңда 80 минут өткізді. Қазақстандық шабуылшы ауыстырылғандықтан, пенальти сериясына қатысқан жоқ.

Кездесуден кейін Сәтпаевтың ойыны жоғары бағаланды. Қазақстандық футболшы 7,1 ұпай алып, «Бернлидің» матчтағы үздік үш ойыншысының қатарына енді.

Сәтпаев 80 минут ішінде қарсылас қақпасына екі рет соққы бағыттап, бір нәтижелі шабуылға бастайтын пас берді. Сондай-ақ ол 35 пастың 30-ын дәл жеткізіп, 86 пайыздық дәлдік көрсетті.

Қазақстандықтың доппен әрекеті де белсенді болды: ол допқа 56 рет тиіп, екі дриблинг әрекетінің біреуін сәтті орындады. Бұдан бөлек, 18 рет алға жылжып, допты ілгері алып шығуға атсалысты.

Қорғаныста да Сәтпаев нәтижелі қимылдады. Ол төрт рет доп тартып алуға әрекет жасап, төртеуінде де жеңіске жетті. Позициялық жекпе-жектердің алтауына қатысып, бесеуінде қарсыласынан басым түсті. Матч барысында 13 рет доптан айырылды.

Осылайша, «Бернли» Англия лигасы кубогынан шығып қалғанымен, Сәтпаевтың клуб сапындағы алғашқы негізгі құрамдағы ойыны жеке көрсеткіштері жағынан сәтті өтті.

Ал Англия футболының үшінші дивизионында өнер көрсететін «Брэдфорд Сити» турнирдің 1/16 финалына жолдама алды.

Пікірлер

Жүктелуде…

Бүгін YouTube-та

«Арыс» Түркістан облысына керек емес. Футболға демеуші тарту проблема. Бірінші лигада ақша жоқ 32 475 Махмұд Сабырханға конкурент көбейді. Абылайхан боксты тастады ма? Нұрбек Оралбай кімге ренжіді? 59 128 Shorts Евгений Чебатков «Чай с Бубликом» жобасында қонақта болды 382 Shorts Нұрбек Оралбай “стабильный” боксшы, ол соңына дейін барын салып төбелеседі 318 Shorts Бокстан ел чемпионатында өңірлік бәсеке әділ бәсекелестіктен басым түсті 532 Shorts “Чемпион болу қиын, ал чемпиондық атақты қорғау одан да қиын!” 582 Shorts Қазақстан чемпионатынан Азия ойындарының үш жүлдегері босатылды, қалғандары ауырып қалды 287 Shorts 55 келі: Бексұлтан Қожамжар финалда сүрінді 173 Shorts Әділбек Қожахан ширек финалда үш дүркін чемпионды, жартылай финалда әлем чемпионын жеңді 300 Shorts Өзбекстан секілді 4 жылда бір ӘЧ-ге барғанша, жыл сайын Еуропа грандтарымен ойнаған дұрыс 838 Shorts Ұлттық құрамаға өз ісіне адал, ел футболына жаны ашитын азаматтарды жұмысқа тарту қажет 502 Shorts Қазақ футболы деген не? Аудиториясы бар, инфрақұрылымы жоқ дүние! 341
#
Команда
Ұпай
1
Реал Мадрид
15
2
Пари Сен-Жермен
12
3
Комо
12
4
Барселона
12
5
Бетис
12
6
Арсенал
11
7
Манчестер Сити
10
8
Боруссия (Дортмунд)
10
9
Астон Вилла
9
10
Ливерпуль
9
11
Брюгге
9
12
Спортинг (Лиссабон)
9
1/8 финалПлей-офф
Толық кесте · 36 команда ›