Аргентиналық шабуылшы бірден төрт гол соғып, покер жасады
«Интер Майами» MLS тұрақты чемпионатындағы кезекті матчында канадалық «Монреальды» өз алаңында 7:1 есебімен ойсырата жеңді.
Кездесудің басты қаһарманы Лионель Месси болды. Аргентиналық шабуылшы бірден төрт гол соғып, покер жасады. Ол 40, 52, 83 және 90+6-минуттарда мергендік танытты. Бұған қоса Месси бір нәтижелі пас берді.
«Интер Майамидің» қалған голдарын Каземиро, Луис Суарес және Александр Шоу соқты. Қонақтар сапынан жалғыз голды Фабиан Герберс енгізді.
Бұл жеңіс Майами клубына MLS-тегі төрт матчқа созылған жеңіссіз сериясын тоқтатуға мүмкіндік берді. Команда 42 ұпай жинап, Шығыс конференциясында екінші орында келеді. Көш басындағы «Нэшвиллдің» еншісінде 52 ұпай бар.
Ал «Монреаль» 21 ұпаймен конференцияның 14-сатысында тұр.