Жаңа Подкаст! Қонақта Марат Достаев пен Алдияр Жапарханов

Қазақстан футбол федерациясының экс-президенті ұсталды – Антикор

01.03.2024, 19:18

Оған бюджет қаражатын жымқырды деген айып тағылған

Қазақстан футбол федерациясының экс-президенті ұсталды – Антикор
Алматы қаласы әкімдігі

Антикор Қазақстан футбол федерациясының бұрынғы президенті Ерлан Қожағапанов ұстады деп хабарлады Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет.

Айта кетейік, бүгінге дейін Қожағапанов ҚР Премьер-министрінің кеңесшісі қызметін атқарып келді. Оның алдында Алматы қаласы әкімінің орынбасары болған. Оған ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыс жасады деген айып тағылды. 

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет сотқа дейінгі тергеп-тексеру шеңберінде Қазақстан Республикасының бұрынғы Мәдениет және спорт Вице-министрі ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыс жасады деген күдікпен ұсталғанын растайды. Қазіргі уақытта күдікті Алматы қаласы ПД УҰИ-да қамауға алынды», - делінген аталған хабарламада. 

ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге де ақпарат жария етуге жатпайды.

Ерлан Қожағапанов 2014-2016 жылдар аралығында Қазақстан футбол федерациясын басқарған. Сондай-ақ, «Астана» кәсіпи спорттық клубының директоры да болған.

Футболдан әлемнің ең қызықты чемпионаттарын, соның ішінде Испания, Италия, Германия және Франция біріншілігін FONBET өз клиенттері үшін тегін көрсетеді. Егер тіркелмеген болсаңыз, қазір уақыты келді: 1bol промокоды арқылы тіркелген жаңа клиенттің әрбіріне 200 000 теңге бонус беріледі.
http://www.fonbet.kz/s/gAiU3i

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт