Алайда, даңқты футболшы балаға өзі жақындап, онымен бірге фотоға түсіп, қолтаңба қалдырды
Америкалық «Интер Майами» клубының кезекті ойынынан кейін Лионель Мессидің оққағарымен оқыс оқиға орын алды жазады жергілікті БАҚ өкілдері.
Матчтан кейін алаңға кішкентай бала жүгіріп шығып, Мессимен фотоға түспек болған. Осы сәтте футболшының күзет қызметі оны жұлып әкетіп, футболшыдан ары алып кетті. Алайда, Месси балаға өзі барып, оның арманын орындады. Оқиға куәгерлері бұл сәтті видеокамераға түсіріп, бейнероликті әдеуметтік желілерге таратқан.
Айта кетейік, Месси жеке оққағар ұстайды. Оның күзетшісі АҚШ әскерінде қызмет еткен, Ирак пен Ауғанстандағы соғыста қарулы қақтығыстарға қатысқан.