Біздің Telegram-ға жазылсаң, ақша ұта аласың! Сыйақы 5000 теңге! 👉

«Валенсия» – «Реал» кездесуіндегі төреші әрекетін жанкүйерлер қатаң сынауда (ВИДЕО)

03.03.2024, 11:10

Ол корольдік клубтың шабуылын аяқтауға мүмкіндік бермеді

Футболдан Испания чемпионатының кезекті турында «Валенсия» өз алаңында мадридтік «Реалды» қабылдаған. Матч 2:2 есебімен тең аяқталғанымен, корольдік клубтың жанкүйерлері төрешінің соңғы минуттардағы әрекетіне наразылығын білдіріп жатыр.

Бірінші тайм ортасында «Валенсия» сапынан алдымен Уго Дуро (27-минут), кейін Роман Яремчук (30-минут) гол соғып, командасын алға шығарған. Алайда, Винисиус Жуниор екі рет көзге түсіп (45+5, 76-минуттар), есепті теңестірді. 

Ал, 90+9 минутта «Реал» ойыншылары өткір шабуылдап, қапталдан допты көтерген сәтте төреші ойынды аяқтап жіберді. Ең қызығы дәл осы финалдық ысқырық шалынған сәтте Джуд Беллингем әуелеп келген допты қақпаға баспен дәл бағыттап гол соққан. Гол есепке алынбады. 

Ашуланған Беллингемге арбитр «қызыл қағаз», Хоселуге «сары қағаз» көрсетіп, өзі алаңнан кетіп қалды. «Реал» жанкүйерлері болса әлеуметтік желіде төрешіні қатаң сынап, тіпті, қарғыс жаударып жатыр.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам