Қазақстан құрамасы Молдовадан жеңіліп қалды

Ұлттар лигасының топтық кезеңінде үш матч өткізген Қазақстан құрамасы небәрі бір ұпаймен турнир кестесінің соңғы сатысына жайғасты

Қазақстан футбол федерациясы
Қазақстан футбол федерациясы

Футболдан Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасының топтық кезеңінде қатарынан екінші матчта жеңілді. Бұл жолы өз алаңында Молдованы қабылдаған Шкип шәкірттері 1:2 есебімен есе жіберді.

Ойынның бірінші таймында Қазақстан құрамасы допқа көбірек иелік еткенімен, қарсылас қақпасына қауіпті шабуылдар жасай алмады. Есесіне қонақтар Заруцкийді жиі мазалап, ақыры бірінші тайм аяқталар тұста есепті ашып кетті. Қорғаушылардың өрескел қателігін ұтымды пайдаланған Ники Клещенко алыстан оң жақ бұрышты дәл көздеп, қанжығасын майлады.

Екінші таймды алаң иелері белсенді бастаған. Алайда, голды молдовандар соқты. Матчтың 50-минутында бұрыштамадан көтерілген допқа бірінші секірген Петру Попеску таблодағы көрсеткішті 2:0-ге жеткізді.

64-минутта Бауыржан Исламханның қапталдан көтерген добын баспен қақпаға дәл бағыттаған Нұралы Әліп есепті қысқартты. Алайда, қалған уақытта отандық команда гол соға алған жоқ. Матч молдовандықтардың жеңісімен аяқталды.

Осылайша Ұлттар лигасының топтық кезеңінде үш матч өткізген Қазақстан құрамасы небәрі бір ұпаймен турнир кестесінің соңғы сатысына жайғасты. Бұған дейін Джон ван’т Шкип шәкірттері Фарер аралдарымен тең түсіп, Словакиядан жеңілген еді. 

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам