«Арыстан да қартайғанын түсінеді»: Златан Ибрагимович Роналдуды сынға алды

Португалдық даңқты футболшы ұлттық құрамадан кетіп қалған

Getty Images
Getty Images

Швеция құрамасының бұрынғы шабуылшысы Златан Ибрагимович Криштиану Роналдудың соңғы шешімін қатаң сынға алды. Португалдық даңқты футболшы бас бапкерге ренжіп, ұлттық құрамадан кетіп қалған болатын.

Ұлттар лигасында ойнап жатқан Португалия соңғы матчта Роналдусыз алаңға шықты. Бас бапкермен тіл табыса алмаған шабуылшы ойын алдындағы жаттығу кезінде ренішін жасырмай, ұлттық құраманы тастап кетіп қалған еді.

«Өз еңбегіңмен жасаған мұраны дәл осылай бұзуға болмайды. Ешкіммен сөйлеспей, ақылдаспай Португалия құрамасының лагерінен кетіп қалу – өзгелерге деген құрметсіздік. Сен жас емессің, мұны түсінуің керек. Златанға қарашы, мен де кезінде жас болдым, өте жоғары деңгейде өнер көрсеттім, соңында мансабымды аяқтадым. Тіпті арыстан да бойынан әл кеткенін түсінеді», - деді Ибрагимович Tudn басылымына берген сұхбатында.

Португалияның Норвегиямен болған ойынына бас бапкер Жорже Жезуш Роналдуды негізгі құрамға қоспаған еді. Ол алаңға сол күйі шыққан жоқ. Өкпесі қара қазандай болған шабуылшы ертесіне ұлттық құраманың лагерінен біржола кетіп қалды.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам