Роналду Португалия құрамасына қандай жағдай оралатынын айтты

Жезуштың Норвегиямен болған матчтан кейінгі брифингте айтқаны Роналдудың ашуын тудырған

Getty Images
Getty Images

«Әл-Наср» мен Португалияның шабуылшысы Криштиану Роналду ұлттық құрамаға тек бір жағдайда оралатынын мәлімдеді, ол үшін бас бапкер Жорже Жезуш отставкаға кетуі керек. Бұл туралы CNN Portugal журналисі Руи Сантуш мәлімдеді.

Оның жазуынша, Жезуштың Норвегиямен болған матчтан кейінгі брифингте айтқаны Роналдудың ашуын тудырған. Бас бапкер ол кезде өзін кінәлі сезінбейтінін және Роналдудың артынан кешірім сұрап бармайтынын мәлімдеген еді.

Роналду мен Жезуш арасындағы дау Ұлттар лигасы аясындағы турнирдің екінші турында басталған еді. Норвегиямен болған матчта шабуылшыны алаңға шығармағаны үшін ол келесі күні жаттығу лагерінен кетіп қалған болатын. Артынша ұлттық құрама сапында енді ойнамайтынын мәлімдеді.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам