Кәсіпкер Қарағанды облысының футбол федерациясын басқарып отыр
Қазақстандық кәсіпкер әрі спорт функционері Тимур Турлов Қазақстан футбол федерациясын (ҚФФ) басқаруы мүмкін деген ақпаратқа қатысты пікір білдірді.
Қазір Қарағанды облысының футбол федерациясын басқарып отырған Турлов Қазақстан футбол федерациясының президенті болуға қатысты ойын айтты.
Кәсіпкердің айтуынша, қазіргі таңда оның басты назарында Қарағанды облысындағы футболды дамыту жобасы тұр.
«Кез келген жобаны Қарағанды облысында жақсы бастап қана қоймай, оны соңына дейін жеткізу өте маңызды. Бізге толыққанды цикл құрып, пилоттық жобаны іске асырып, бүкіл Қазақстанға арналған даму моделін қалыптастыру қажет. Алдағы бірнеше жыл бойы осы жұмыспен айналысамыз деп ойлаймын», – деді Тимур Турлов.
Айта кетейік, бұған дейін Тимур Турлов Халықаралық шахмат федерациясының (FIDE) президенті болып сайланған болатын. Оның ұйымдағы орынбасары қызметіне шахматтан әлемнің 15 дүркін чемпионы Вишванатан Ананд тағайындалды.