Футболдағы миллионерлер: футболдағы ең қымбат ТОП-15 бапкер

«Арсеналдың» бас бапкері футбол әлеміндегі ең жоғары жалақы алатын бапкер атанды

lavanguardia.com
lavanguardia.com

«Арсеналдың» бас бапкері Микель Артета футбол әлеміндегі ең жоғары жалақы алатын бапкер атанды. Испаниялық маманның жылдық табысы клубпен жаңа келісімшарт жасасқаннан кейін 17,3 миллион еуродан 26 миллион еуроға дейін өскен. Бұл туралы La Vanguardia басылымы хабарлады.

Лондондық клуб Артетамен келісімшартты 2030 жылға дейін ұзартты. Жаңа келісім маманның табысын арттырып қана қоймай, оны әлемдегі ең жоғары жалақы алатын бапкерлер рейтингінің бірінші сатысына шығарды. Бұған дейін ол тізімде үшінші орында тұрған.

Артетадан кейінгі орындарға Сауд Арабиясының «Әл-Хиләл» клубын жаттықтыратын Симоне Индзаги мен мадридтік «Атлетиконың» бас бапкері Диего Симеоне жайғасқан. Итальяндық маман бір маусымда 25,7 миллион еуро алса, аргентиналық жаттықтырушының жылдық жалақысы 23,2 миллион еуроны құрайды.

Осылайша, Артета жаңа келісімшарттың арқасында екі тәжірибелі әріптесінен де озып, әлем футболындағы ең жоғары жалақы алатын бапкерге айналды.

La Vanguardia жариялаған мәліметке сәйкес, үздік 15 бапкердің жылдық табысы төмендегідей:

  1. Микель Артета («Арсенал») — 26 млн еуро.

  2. Симоне Индзаги («Әл-Хиләл») — 25,7 млн еуро.

  3. Диего Симеоне («Атлетико») — 23,2 млн еуро.

  4. Оливер Гласнер («Ноттингем Форест») — 13,2 млн еуро.

  5. Хаби Алонсо («Челси») — 13,2 млн еуро.

  6. Жозе Моуринью («Реал») — 11,9 млн еуро.

  7. Луис Энрике (ПСЖ) — 11,9 млн еуро.

  8. Анге Постекоглу («Әл-Наср») — 11,6 млн еуро.

  9. Энцо Мареска («Манчестер Сити») — 11,5 млн еуро.

  10. Лучано Спаллетти («Ювентус») — 11,1 млн еуро.

  11. Андони Ираола («Ливерпуль») — 9,2 млн еуро.

  12. Унаи Эмери («Астон Вилла») — 9,2 млн еуро.

  13. Джан Пьеро Гасперини («Рома») — 9,2 млн еуро.

  14. Массимилиано Аллегри («Наполи») — 8,3 млн еуро.

  15. Ханси Флик («Барселона») — 7,5 млн еуро.

Рейтингтегі тағы бір назар аударарлық жайт – испаниялық мамандардың басымдығы. Микель Артета, Хаби Алонсо, Луис Энрике, Андони Ираола және Унаи Эмери үздік 15 бапкердің қатарына енген. Бұл Испания өкілдерінің Еуропа футболындағы жетекші клубтарда алатын орнына да назар аудартады.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам