Роналду мансабындағы 980-голын соқты

Осылайша, Криштиану Роналдуға өз мақсатына жетуі үшін 20 гол жетіспей тұр

Getty Images
Getty Images

Ұлттық құрамадағы дак-дамайдан кейін Криштиану Роналду Сауд Арабиясы чемпионатына оралып, мансабындағы 980-голын соқты.

Про-Лиганың 8-турында «Әл-Наср» өз алаңында «Әл-Дирияны» қабылдады. Матч 3:0 есебімен алаң иелерінің пайдасына шешілген. Бірінші голды португалдық даңқты шабуылшы өз еншісіне жазды.

Матчтағы есеп 23-минутта ашылды. Роналдудың голынан кейін оның отандасы Саму Кошта дәл соққысымен көзге түссе, 77-минутта Кингсли Коман таблодағы көрсеткішті 3:0-ге жеткізді.

Осылайша, Криштиану Роналдуға өз мақсатына жетуі үшін 20 гол жетіспей тұр. Саудия чемпионатының енді ғана басталғанын ескерсек, футболшының бұл межеге бір жыл көлемінде жетуі әбден ықтимал.

Роналду футболдағы мансабын 1000 гол соққаннан кейін ғана аяқтайтынын бұған дейін мәлімдеген еді. Ол ұлттық құрама сапында 146 гол соқса, клубтық матчтарда 834 голды өз еншісіне жазған.

Еске салайық, Португалия құрамасының бас бапкері Жозе Жешуш пен Роналду арасында жуырда дау-дамай туып, шабуылшы Ұлттар лигасындағы ойындарды бел ортадан тастап кетіп қалды.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам