Қазақстанның қыздар құрама командалары бір күнде өз қақпасына 26 гол жіберіп алды

Қазақстанның негізгі құрамасы Ирландияға қарсы ойнаған болатын

Қазақстан футбол федерациясы
Қазақстан футбол федерациясы

Футболдан Әлем чемпионаты мен Еуропа чемпионатының іріктеу турнирлеріне қатысып жатқан Қазақстанның қыздар құрама командалары бір күнде өз қақпасына 26 гол жіберіп, бірде-бір гол соға алған жоқ.

Алдымен U-19 санатындағы қыздар командасы Чехияға қарсы матч өткізіп, 0:9 есебімен ойсырай жеңілді. 2027 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу ойыны Мальтада өткен болатын. Қазақстанның қыздары қарсылас команда қақпасына гол соқпақ түгілі қауіпті шабуыл да ұйымдастыра алған жоқ.

Мұнан кейін алаңға U-17 санатындағы ұлттық құраманың қыздары шықты. Олар да келер жылғы Еуроға іріктеуде бақ сынап жатыр. Сырт алаңда Германиямен ойнаған отандастарымыз өз қақпасына жауапсыз 9 гол жіберіп алды.

Қазастанның негізгі құрамасы да оңбай жеңілді. Әлем чемпионатының іріктеуінде тәуір нәтиже көрсетіп, плей-офф ойынына қол жеткізген Қырғызбаева шәкірттері бірінші матчты «Астана Аренада» Ирландия құрамасына қарсы өткізді. Отандық қыздар құрамасы бірінші таймда өз қақпасына жауапсыз бес гол жіберсе, екінші таймда тағы үш гол өткізіп алды. Қорытынды есеп – 0:8.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам