Криштиану Роналду Португалия құрамасынан уақытша шеттетілді

Футболшыға қысқа мерзімді жаза тағайындалуы ықтимал

Florencia Tan Jun / Getty Images
Florencia Tan Jun / Getty Images

Португалия құрамасының капитаны Криштиану Роналду ұлттық құраманың орналасқан жерінен өз бетінше кетуіне байланысты уақытша шеттетілді. Енді тәртіптік кеңес футболшыға берілетін жазаның мерзімін анықтайды. Бұл туралы Mirror басылымы жазды.

Басылым мәліметінше, Роналду бас бапкер Жорже Жезушпен арада келіспеушілік туындағаннан кейін құраманың орналасқан жерінен кеткен.

Португалия футбол федерациясының ережелеріне сәйкес, ұлттық құраманың орналасқан жерінен өз бетінше кеткен ойыншы уақытша шеттетіледі. Ал түпкілікті жазаның мерзімін тәртіптік кеңес белгілейді. Қолданыстағы регламент бойынша, жаза бір айдан алты айға дейін созылуы мүмкін.

Кейін Криштиану Роналду өз әрекеті үшін көпшілік алдында кешірім сұрады. Бұл жайт тәртіптік істі қарау кезінде ескеріледі. ESPN мәліметінше, футболшыға қысқа мерзімді жаза тағайындалуы ықтимал.

Португалия құрамасы Ұлттар лигасындағы келесі матчтарын қараша айында өткізеді. 15 қарашада өз алаңында Данияны қабылдаса, 18 қарашада сырт алаңда Уэльспен кездеседі.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам