Винисиус «Барселонаға» қарсы ойынға шықпайтын болды

Винисиустың тәртібіне байланысты «Эль-Класикоға» қатысуы екіталай

Getty Images
Getty Images

«Реал Мадрид» шабуылшысы Винисиус Жуниорға үш матчқа дейін дисквалификация жазасы берілуі мүмкін. Мұндай жағдайда бразилиялық футболшы 25 қазанда «Барселонаға» қарсы өтетін маңызды кездесуге қатыса алмайды. Бұл туралы испаниялық COPE порталы хабарлады.

Мадридтік клуб басшылығы футболшының үш ойынға шеттетілуінен қауіптеніп отыр. Жаза екі матчқа дейін қысқарған күннің өзінде Винисиустың «Эль-Класикоға» қатысуы екіталай.

Бразилиялық шабуылшының алаңнан қуылуына «Вильярреалға» қарсы матчтағы әрекеті себеп болды. Кездесуде «Реал» 1:0 есебімен жеңіске жеткен еді. Винисиус қарсылас ойыншысының шашынан тартқаны үшін қызыл қағаз алды. Алайда төрешінің есебінде футболшының алаңнан қуылғаннан кейінгі әрекеті де көрсетілген.

«Винисиус алаңнан қуылғаннан кейін де шешіміме қатты наразылық білдіріп, агрессивті әрекет танытты», – делінген төрешінің ресми есебінде.

Енді тәртіптік комитет оқиғаның мән-жайын қарап, футболшыға қосымша жаза қолдану-қолданбау туралы шешім қабылдайды. Егер төрешінің есебіндегі мәліметтер ескерілсе, «Реал» маусымдағы маңызды ойындардың бірінде негізгі шабуылшыларының бірінсіз қалуы мүмкін.

Айта кетейік, Испания чемпионатының сегіз турында «Барселона» көш бастап тұр. Ал «Реал» турнир кестесінде үшінші орында келеді. Сондықтан Винисиустың «Эль-Класикоға» қатыспауы мадридтік клуб үшін елеулі шығын болмақ.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам