«Барселона» президенті «Алтын допқа» Ламин Ямаль лайық деп отыр

Жоан Лапорта: Егер ол «Алтын допты» жеңіп алса, бұл әділ шешім болады

Getty Images
Getty Images

«Барселона» клубының президенті Жоан Лапорта Ламин Ямальдың 2026 жылғы «Алтын доп» жүлдесін жеңіп алуға лайық екенін мәлімдеді. Оның пікірінше, жас шабуылшының маусымдағы жетістіктері бұл марапатқа үміткер болуына негіз бола алады.

«Егер ол «Алтын допты» жеңіп алса, бұл әділ шешім болады. Ламин тамаша маусым өткізді, Ла Лига мен әлем чемпионатын жеңіп алды. Ол бұл марапатқа лайық. Ламиннің өзі де осылай ойлайды. Оның бұл туралы ашық айтқанын дұрыс деп санаймын. Ол ойын жасырмайды әрі өте жас», – деді Лапорта.

Клуб президенті Ямальдың беделді жеке жүлдені иеленуіне қуанышты болатынын да жеткізді. Дегенмен әзірге нәтиженің қандай болатынын болжау қиын екенін атап өтті.

«Ламин «Алтын допты» жеңіп алса, мен өте бақытты болар едім. Бірақ бәрі қалай өрбитінін күтейік, қазір нақты ештеңе белгісіз. Біз France Football өкілдерімен сөйлесуге тырыстық, алайда олар ешқандай ақпарат бермеді.

26 қазанды күтіп отырмыз. Ламин өз футболы туралы зор ынтамен әңгімелейді, өйткені оның еңбегі мойындалып жатыр. Оның өзін осылай көрсетуін түсінемін. Бұл – футбол тарихында із қалдырғысы келетін 19 жастағы жігіттің табиғи реакциясы», – деді Жоан Лапорта. Оның сөзін Sport.es басылымы жариялады.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам