Рафаэль Уразбахтин Еурокубокқа баратын «Қайрат» құрамын анықтады

«Қайрат» Еурокубоктағы алғашқы ойынын 15 қазанда өткізеді

ФК “Қайрат”
ФК “Қайрат”

Алматылық «Қайрат» футбол клубы УЕФА Конференциялар лигасының 2026/2027 жылғы маусымындағы жалпы кезеңге тіркелген ойыншылар тізімін жариялады. Тізімге 24 футболшы енді.

Қазақстандық маман Рафаэль Уразбахтин жаттықтыратын команда Еурокубоктағы алғашқы кездесуін 15 қазанда латвиялық «Ригаға» қарсы өткізеді. Матч Ригадағы «Сконто» стадионында өтеді. Кездесу Қазақстан уақытымен 21:45-те басталады.

«Қайраттың» Конференциялар лигасына тіркелген құрамы:

Қақпашылар: Темірлан Анарбеков, Шерхан Қалмұрза, Бақтияр Алдашев.

Қорғаушылар: Луиш Мата, Дамир Қасабулат, Лев Кургин, Александр Мартынович, Еркін Тапалов, Александр Мрынский, Александр Широбоков, Адлан Нұрғалиев, Лукас Африко, Данияр Ташпулатов.

Жартылай қорғаушылар: Әділет Садыбеков, Олжас Байбек, Яакко Оксанен, Азамат Туяқбаев, Ойва Юккола, Густаву Мендонса, Мұхамедәлі Әбіш.

Шабуылшылар: Эдмилсон, Мансұр Бірқұрманов, Марк Гуаль, Исмаил Бекболат.

Айта кетейік, «Қайрат» жалпы кезеңдегі алғашқы ойынында сырт алаңда өнер көрсетеді.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам