Лионель Месси – «Алтын допқа» ең көп иелік еткен футболшы
Аргентиналық шабуылшы Лионель Месси биыл тоғызыншы «Алтын добын» алуы ықтимал. Футболшыларды марапаттау рәсімі 26 қазанда Лондонда өтеді.
Салтанатты шараға Месси отбасымен бірге келетіні белгілі болды. Сондықтан футбол сарапшылары оны «Алтын доптан» басты үміткерлердің қатарына қосып отыр.
Үміткерлерге дауыс беру аяқталған. Яғни, кімнің жеңімпаз болғаны ұйымдастырушыларға белгілі. Алайда, соңғы сәтке дейін оның есімі жарияланбайды.
Бұған дейін «Алтын доп» иегері кім болғаны бірнеше күн бұрын хабарланып, жеңімпаз France Football басылымына сұхбат беретін. Соңғы уақытта бұл дәстүр күшін жойған.
Лионель Месси – «Алтын допқа» ең көп иелік еткен футболшы. Оның иелігінде сегіз трофей бар. Екінші орында – Криштиану Роналду. Ол «Алтын допқа» бес рет лайық болған.