«Бернли» Дастан Сәтпаевты «Чарльтонға» қарсы ойынға қоспады

ФК “Бернли”
ФК “Бернли”

Қазақстан құрамасының шабуылшысы Дастан Сәтпаев Англия Чемпионшипінің 10-туры аясында «Чарльтон Атлетикке» қарсы өтетін матчқа қатыспайды. 18 жастағы футболшы жарақатынан айығып, алаңға оралғанымен, «Бернлидің» ойынға арналған өтініміне енбеді.

Сәтпаев 10 қазанда «Уотфордқа» қарсы сырт алаңдағы кездесудің соңғы минуттарында ойынға қосылған еді. Сол матчта «Бернли» қарсыласын 4:0 есебімен жеңді. Бұл қазақстандық шабуылшының жарақаттан кейінгі алғашқы ойыны болды.

«Бернли» мен «Чарльтон Атлетик» арасындағы кездесу 13 қазанда «Тёрф Мур» стадионында өтеді. Матч Қазақстан уақытымен сағат 23:45-те басталады.

Кездесу алдында «Бернли» Чемпионшип кестесінде жеті ұпаймен 22-орында тұр. Ал «Чарльтон» 13 ұпай жинап, 12-сатыға жайғасқан.

Еске салайық, Дастан Сәтпаев 2 қыркүйекте «Мидлсброға» қарсы ойында санның артқы бұлшықетінен жарақат алған болатын.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам