Винисиус төрт матчқа шеттетіліп, «Эль-Класикодан» тыс қалды

Винисиус қарсыласын шашынан тартқаны үшін төрт матчқа шеттетілді

Әлеуметтік желі
Әлеуметтік желі

Мадридтің «Реал» клубының шабуылшысы Винисиус Жуниор Испания чемпионатындағы алдағы төрт матчқа қатыспайды. Бразилиялық футболшы «Вильярреалға» қарсы кездесуде алаңнан қуылғаннан кейін осындай жазаға ұшырады.

Испания чемпионатының сегізінші турында өткен матчта Винисиус қарсылас команда ойыншысы Натан-Дилан Салибаның шашынан тартып қалған. Кездесу «Реалдың» 1:0 есебімен жеңісімен аяқталған еді.

Осы оқиғадан кейін шабуылшы «Севильяға» (18 қазан), «Барселонаға» (25 қазан), «Расингке» (1 қараша) және «Валенсияға» (7 қараша) қарсы ойындарды өткізіп алады. Демек, Винисиус «Барселонамен» өтетін «Эль-Класикоға» қатыса алмайды.

Қарашадағы үзілістен кейін бразилиялық футболшы «Реал» сапына қайта оралуы мүмкін. Команда 22 қарашада «Сельтамен» кездеседі.

Винисиус осы маусымда «Реал» сапында тоғыз матч өткізіп, бір гол соғып, үш нәтижелі пас берген.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам