Біздің Telegram-ға жазылсаң, ақша ұта аласың! Сыйақы 5000 теңге! 👉

Мбаппе Мессидің рекордын бұзды, бірақ Роналдуға жете алар емес

06.03.2024, 12:49

Месси мен Роналду былтырдан бері Чемпиондар лигасында ойнамайды

Мбаппе Мессидің рекордын бұзды, бірақ Роналдуға жете алар емес
ALEX CAPARROS/GETTY IMAGES

ПСЖ шабуылшысы Килиан Мбаппе Чемпиондар лигасында сырт алаңда соққан голдар саны бойынша Лионель Мессидің пекордын бұзды. Кеше «Реал Сосьедадпен» болған ойында француз футболшысы екі гол соғып, командасын келесі айналымға алып шықты.

Месси сырт алаңда барлығы 12 гол соққан екен. Ал, Мбаппе кеше бұл көрсеткішін 13-ке жеткізді. Роналду бұл екеуінен бойы алда, оның еншісінде – 23 гол.

Еске салайық, кеше Еуропа Чемпиондар лигасының 1/8 финалының екі ойыны өтті. «Бавария» өз алаңында «Лационы» 3:0 есебімен жеңіп, ширек финалға шықса, ПСЖ мен «Реал Сосьедад» арасындағы матч 2:1есебімен тең аяқталды. Бірінші ойында француздар 2:0 есебімен жеңгендіктен, 1/4 финалға Мбаппенің командасы шықты.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам