Жаңа Подкаст! Қонақта Марат Достаев пен Алдияр Жапарханов

ҚФФ экс-президенті Қожағапановтың не үшін ұсталғаны айтылды

06.03.2024, 16:17

Ол форум өткізу кезінде коррупциялық қылмысқа барған деп айыпталуда

ҚФФ экс-президенті Қожағапановтың не үшін ұсталғаны айтылды
коллаж: Ulysmedia

Қазақстан футбол федерациясының бұрынғы президенті және ҚР Премьер-министрінің кеңесшісі Ерлан Қожағапановтың не үшін ұсталғанын Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі айтып берді.

Экс-шенеунікті аса ауыр коррупциялық қылмыс жасады деп айыптап жатыр.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Мәдениет және спорт экс-вице-министрін аса ауыр коррупциялық қылмыс жасады деген күдікпен ұстады. Ол 2018 жылы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының XV аймақаралық форумын Петропавл қаласында өткізу үшін коммерциялық ұйымның пайдасы үшін келісімшарт жасасқан», - деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Арман Тілеукенов.

Аталған шараны өткізу шығындары құжатта екі есе көп көрсетілген. Салдарынан мемлекетке үлкен шығын келіп отыр.

«Қылмыстық жолмен тапқан қаражатқа сатып алған мүлік анықталып, бұғатталды. Ұсталған күдіктінің өзі екі айға қамауға алынды. Тергеу жұмыстары жалғасып жатыр», - делінген аталған хабарламада.

Еске салайық, Ерлан Қожағапанов 2013-2016 Спорт және дене шынықтыру агенттігін басқарды және Қазақстан футбол федерациясының президенті болды. 2017-2019 жылдар аралығында Мәдениет және спорт вице-министрі болған.

Футболдан әлемнің ең қызықты чемпионаттарын, соның ішінде Испания, Италия, Германия және Франция біріншілігін FONBET өз клиенттері үшін тегін көрсетеді. Егер тіркелмеген болсаңыз, қазір уақыты келді: 1bol промокоды арқылы тіркелген жаңа клиенттің әрбіріне 200 000 теңге бонус беріледі.
http://www.fonbet.kz/s/gAiU3i

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт