«Арсеналдың» футболшысын ит қауып, денесіне 50-ден аса тігіс салды

Оқиға футболшының итіне басқа тұқымдас ит шабуыл жасағанда болған

The Sun
The Sun

«Ливерпуль» мен «Арсеналдың» бұрынғы жартылай қорғаушысы Джермейн Пеннантқа Лондонда ит шабуылдап, ауыр жарақат алды. Дәрігерлер оның жарасына 50-ден астам тігіс салған. Бұл туралы The Sun басылымы жазды.

Оқиға футболшы америкалық акита тұқымдас Кинг есімді итімен серуендеп жүргенде болған. Оларға неміс овчаркасы шабуыл жасаған. Пеннант итін қорғаймын дегенде жерге құлап, аяғын жарақаттаған. Оның иті де иесін қорғауға ұмтылған.

Бұрынғы футболшы ауруханаға жеткізіліп, қажетті медициналық көмек алған. Қазіргі жағдайы алаңдаушылық туғызбайды. Ол әзірге полицияға арыздануды жоспарлап отырған жоқ.

Пеннант мансабында «Ливерпуль» мен «Арсеналдан» бөлек, «Бирмингем Сити», «Уотфорд», «Лидс Юнайтед» және «Сток Сити» клубтарында өнер көрсеткен.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам